Теннис 09 Қаңтар, 2019 (0) (178)

Путинцева мен Дияс WTA рейтингінде ТОП-100 қатарына енді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жылдың жаңа рейтингін жариялады. Аталған тізімде қазақстандық спортшылар да бар.


Юлия Путинцева 44-ші орынды сақтап қалған. Ал тағы бір отандасымыз Зарина Дияс рейтингте құлдырап барады. Ол бірден тоғыз сатыға төмендеп, 98-ші орынға тұрақтаған. 


Еске сала кетейік, Путинцева Сиднейдегі турнирде Диясты ұтып, турнирдің негізгі бөліміне жолдама алған еді. 


WTA рейтингіндегі үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды. Бірінші орында румыниялық Симона Халеп. Екінші және үшінші сатыны германиялық Анжелик Кербер мен дат қызы Каролин Возняцкий иеленген. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру