Футбол 07 Қаңтар, 2019 (0) (160)

«Реал» қысқы трансферде ешкімді сатып алмайды

Мадридтік «Реалдың» директоры Эмилио Бутрагеньо қысқы трансферлік мерзімде команданы күшейтуге ойыншы алмайтындарын мәлімдеді.

Картинки по запросу real madrid


- Қыста трансфер жасамаймыз. Дәл қазір біздің футболшылардың күш-қуатының қаншалықты мықты екенін түсінетін уақыт. Бұл футболшылар көп жүлдені жеңіп алды. Оның ішінде үш Чемпиондар Лигасы бар. Бұлар ерекше ойыншылар, - деп келтіреді Эмилио Бутрагеньоның сөзін Football Espana. 


Айта кетейік, «Реал» қыста тек бір ғана ойыншыны сапына қосқан. 19 жасар Браим Диас есімді жартылай қорғаушы мадридтік командаға «Манчестер Ситиден» 15 миллион евроға ауысқан.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру