Бокс 31 Желтоқсан, 2018 (0) (199)

The Ring үздіктері: GGG-Канело - жыл жекпе-жегі

Бокс туралы жазатын беделді The Ring журналы 2018 жылдың үздіктерін жариялады.

The Ring жылдың үздіктерін анықтады«Жылдың айтулы оқиғасы»

Бұл номинацияны бокс кештерін трансляциялаудан бас тартқан НВО арнасы ие болды.

HBO арнасы

HBO арнасы

«Жыл нокауты»

Жылдың ең әдемі нокаутының иесі - Наоя Иноуэ. Жапон боксшысы қарсыласы Хуан Карлос Пайяноны бірінші раундта сұлатып түсірген.

Наоя Иноуэ Хуан Карлос Пайяноны сұлатқан сәті

Наоя Иноуэ Хуан Карлос Пайяноны сұлатқан сәті

«Жыл оралуы»

Үш жылдан соң шаршы алаңға оралған Тайсон Фьюри «жыл оралуы» номинациясын жеңіп алды.

Тайсон Фьюри үш жылдан соң шаршы алаңға оралды

Тайсон Фьюри үш жылдан соң шаршы алаңға оралды

«Жыл раунды»

Тайсон Фьюридің Деонтей Уайлдерге қарсы жекпе-жегінің 12-ші раунды - жыл раунды болып танылды.

Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер арасындағы жекпе-жектен үзінді

Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер арасындағы жекпе-жектен үзінді

«Жыл проспекті»

21 жастағы америкалық әрі гондурастық боксшы Теофимо Лопес жылдың үздік проспекті болды. 

Теофимо Лопес - 1997 жылы туған, болашағынан үміт күттіретін боксшы

Теофимо Лопес - 1997 жылы туған, болашағынан үміт күттіретін боксшы

«Жыл жекпе-жегі»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен екінші кездесу жылдың үздік жекпе-жегі болып танылды.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек

«Жылдың үздік бапкері»

Украиналық боксшы Василий Ломаченконың бапкері әрі әкесі Анатолий Ломаченко өз ісінің үздігі болды.

Василий мен Анатолий Ломаченко

Василий мен Анатолий Ломаченко

«Жыл боксшысы»

Бірінші ауыр салмақта абсолют чемпион украиналық Александр Усик «жылдың үздік боксшысы» атағын жеңіп алды.

Украиналық боксшы Александр Усик

Украиналық боксшы Александр Усик

Түпнұсқасы:Prosports.kz

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру