Футбол 31 Желтоқсан, 2018 (0) (202)

«Қайраттың» бапкері мен ойыншылары - үздіктер қатарында

Алматылық «Қайраттың» бапкері мен ойыншылары UMBRO Futsal Awards нұсқасы бойынша әлемнің үздіктері қатарына енді.


«Қайраттың» бас бапкері Пауло Рикардо Кака әлемнің үздік жаттықтырушылары тізіміне енді. Бразилиялық маман сауалнамада екінші орын алды. Ал әлемнің үздік бапкері болып - испаниялық «Интердің» жаттықтырушысы Хесус Веласко танылды. 



Алматылық клубтың ойыншылары Дуглас Жуниор мен Хоссейн Тайеби UMBRO Futsal Awards нұсқасы бойынша әлемдегі үздік бес ойыншы тізіміне енді. Дуглас 211 ұпай жинап, төртінші орын алды. 



Ал 198 дауыс алған Тайеби үздік бестікті түйіндеді. Бұл номинацияда португалиялық Рикардинью жеңімпаз атанды, ол осымен алтыншы рет үздік болып отыр. Сондай-ақ, үздік бестікке испаниялық «Интердің» екі футзалшысы Гадейя пен Пола енді. 



Ал «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының вице-капитаны Игита әлемнің үздік қақпашысы атанды. Қазақстандық қақпашы дауыс беруде 482 ұпай жинады. Ол испаниялық Хесус Эрреро («Интер Мовистар») мен бразилиялық Гуиттуді («Спортинг» Лиссабон) озып кетті. Осылайша, Игита осымен үшінші мәрте өз позициясында әлемнің үзідігі болды. Бұдан бұрын ол 2015 және 2016 жылдары үздік қақпашы болып танылған. 



Сонымен қатар, Игита «үздік қақпашы» номинациясында Стефано Маммарелоның рекордын қайталады.  

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру