Футбол 28 Желтоқсан, 2018 (0) (182)

«Тобылдың» сапына Беларусь елінің үздік футболшысы қосылды

БАТЭ клубының шабуылшысы Михаил Гордейчук мансабын Қазақстанда жалғастырады, деп жазады Alaman.kz сайты.

Қазақстанда туған футболшы елге оралуы мүмкін


29 жастағы белорусь футболшы Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған «Тобыл» клубының сапына қосылды. Келісімшарт мерзімі 2 жылға жасалған.


Бір ескере кететін жайт, тәжірибелі шабуылшы Қазақстанның Саран қаласында дүниеге келген. Футболға алғашқы қадамдарын жергілікті «Шахтер» клубында жасаған. Қарағандылық команданың жастар құрамында 2007 жылы 19 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Сол себепті Қазақстанға оралған жағдайда азаматтықты алуға мүмкіндігі бар. 


Биылғы маусымның басым бөлігін жарақатынан емделумен өткізді. Алаңға тек 11 ойында шыққан шабуылшы 4 гол соғып үлгерген. 


Айта кетейік, Михаил Гордейчук мансабында Белорусьтің «Волна», «Нафтан», «Белшина» және БАТЭ командаларында доп тепкен. Белорусь ұлттық құрамасының сапында 25 кездесу өткізіп, 4 мәрте көзге түскен.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру