Футбол 27 Желтоқсан, 2018 (0) (217)

Қайсар Бекенов «Астанадан» кетеді

«Астана» футбол клубының Атқарушы директоры Қайсар Бекенов басқа қызметке ауысуына байланысты клуб сапынан кетеді.

Осы орайда «Астана» Президенті Саян Хамитжанов Бекеновтың қызметінен кетуі туралы өз пікірімен бөлісті:

Қайсар Бекенов «Астанадан» кетеді

«Қайсар Рауфұлы осыдан бір жыл бұрын маған қызметінен босату туралы өтініш айтқан болатын, алайда, оның жұмысынан кетуі ол сәтте мүлде талқыға түскен жоқ. Себебі, ол клубты басқару жүйесінде үлкен рөл атқарып, ауқымды стратегиялық мәселелерге жауап берген еді. Ал осы жылдың соңында ол өтініш қайта жасалғандықтан, біз өзінің алты жылын клубқа арнаған қызметкеріміздің бұл сұранысын орындамасқа амалымыз қалмады. Қайсар Рауфұлы өзінің қызмет саласын өзгертіп, жақын арада жаңа жұмыс орнында жаңа лауазымға орналаспақ.

Ешқандай асыра сілтеусіз Бекеновты Қазақстанның ең үздік менеджері деп айта аламын. Ол қысқа уақыт ішінде «Астанаға» еуропалық футбол мәнерін қалыптастыра алды. Дәл осы азаматтың басшылығында клуб әкімшілігінің қызметі құдды бір Щвейцария сағаты сияқты жұмыс жасады. Қайсар Рауфұлының тек кәсіби деңгейін емес, ұжым ішінде командалық рухты көтере білген жеке қасиеттерін де ерекше атап өтуге болады. Бекеновтың тамаша еуропалық футбол білімі бар, ол оның керемет әлеуетін барынша іске асыруға ықпал етеді.

Қайсар Рауфұлына «Астанамен» жеткен жетістіктерден де жоғары нәтижеге жетуін шын жүректен тілейміз. Бұл маман еуропалық деңгейдегі жоғары сапалы менеджердің бойында бар барлық қасиеттерге ие!»


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру