Футбол 26 Желтоқсан, 2018 (0) (183)

Жамбыл Көкеев «Ақтөбеден» кетіп, «Атырауға» қосылды

Қазақстандық жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеев «Ақтөбе» сапынан кетті.

Биылғы маусымда 25 ойында 2 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанған 30 футболшы командасын ауыстырады. Жамбыл Көкеев мансабын «Атырауда» жалғастыруы мүмкін. Бұған дейін оған шымкенттік «Ордабасы» қызығушылық танытқан еді.

Айта кетейік, Жамбыл Көкеев кәсіпқой футболдағы мансабын 2006 жылы бастаған болатын. Осы күнге дейін «Железнодорожник», «Астана», «Алма-Ата», «Локомотив», «Шахтёр», «Қайрат», «Қайсар» және «Ақтөбе» командаларында өнер көрсеткен.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру