Күрес 26 Желтоқсан, 2018 (0) (187)

Елдос Сметов пен Ерлан Серікжанов олимпиадалық рейтингіде үздік бестікке енді

Халықаралық дзюдо федерациясы жыл соңында олимпиадалық рейтингті жаңартты. Қазақстандық балуандар Олимпиада қарсаңында ұпай жинауды одан әрі жалғастырмақ.

Отандық дзюдошылар арасынан рейтингте жоғары орында тұрған екі спортшы бар. Олар – Елдос Сметов (60 келі) пен Ерлан Серікжанов (66 келі). 

Сметов өз салмағындағы олимпиадалық рейтингте 5-ші орында тұр. 66 келідегі Ерлан Серікжанов та үздік бестікке енген. 

Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) 11-ші, Елдос Жұмақанов (66 келі) 15-ші, Жансай Смағұлов (73 келі) 11-ші, Дидар Хамза (81 келі) 10-шы, Ислам Бозбаев (90 келі) 10-шы, Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) 23-ші орында. 

Еске сала кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ереже бойынша, Олимпиада ойындарына өз салмағында үздік 18 спортшының қатарына енген дзюдошылар ғана қатыса алады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру