Ауыр атлетика 20 Желтоқсан, 2018 (0) (193)

Игорь Сон ауыр атлетикадан Катар кубогында күміс иеленді

Катардың Доха қаласында ауыр атлетикадан лицензиялық турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына бір күміс түсті.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Игорь Сон қоссайыс қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді. 

Ол жұлқа және серпе көтеруден де екінші орын алғанын айта кету керек. 

Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Арли Чонтей төртінші орынды қанағат тұтты. 67 келідегі Фархад Харки де үздік төрттікте. 

Еске сала кетейік, Дохада осымен бесінші рет өтіп жатқан халықаралық турнир Олимпиада қарсаңында ұпай үлестіреді. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру