Ауыр атлетика 20 Желтоқсан, 2018 (0) (199)

Дохада ауыр атлетикадан «Катар халықаралық кубогы» турнирі басталды

19-23 желтоқсан күндері Катар астанасы Дохада 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу аясында лицензия тарататын және тек қана олимпиадалық салмақ дәрежелері бойынша «Катар халықаралық кубогы» турнирі өтеді.


Қазақстан ұлттық құрамасының 9 мүшесі аталмыш додаға барады:

        Арли Чонтэй, 61 келіге дейін

Игорь Сон, 61 келіге дейін

Фархад Харки, 67 келіге дейін

Нижат Рахимов, 73 келіге дейін

Айдар Қазов, 81 келіге дейін

Рүстем Сыбай, 96 келіге дейін

Илья Ильин, 109 келіге дейін

Карина Горичева, 64 келіге дейін

Раушан Мешітханова, 87 келіге дейін 

Юрий Мельников, ҚР ҰҚ бас жаттықтырушысы:

- Күміс деңгейлі бұл екінші іріктеу жарысы біз үшін өте маңызды турнир саналады. Қатар кубогына қатысқан спортшы рейтингтік ұпайлар алады және әлем чемпионатына қатыса алмаған зілтеміршілеріміз немесе аталмыш додада нәтижесі төмен болғандар үшін қосымша дайындық болмақ. Әлем біріншілігінен кейін іле-шала басталатын бұл жарыста жақсы нәтижеге жетеміз деп сенемін.  




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру