Велоспорт 18 Желтоқсан, 2018 (0) (211)

«Астана» велоклубының жаңа маусымдағы құрамы анықталды

«Астана» кәсіби велокомандасы 2019 жылғы маусымда клуб сапында өнер көрсететін шабандоздар тізімін жариялады.

Команданың ресми таныстырылымында 9 жаңа ойыншы бар. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Юрий Натаров (Қазақстан), Йон Изагирре (Испания), Горка Изагирре (Испания), Давиде Баллерини (Италия), Мануэле Боаро (Италия), Мерхави Кудус (Эритрея), Йонас Вилсли (Дания), Родриго Контрерас (Колумбия) және Эрнандо Бооркес (Колумбия) қатарға қосылады. 

Клуб сапындағы 28 ойыншы әлемнің 9 мемлекетінің өкілдері. 

«Астана» велокомандасының 2019 жылғы маусымға арналған құрамы төмендегідей: 

Давиде Баллерини (Италия), Пельо Бильбао (Испания), Жандос Бижігітов (Қазақстан), Мануэле Боаро (Италия), Эрнандо Бооркес (Колумбия), Дарио Катальдо (Италия), Родриго Контрерас (Колумбия), Магнус Корт (Дания), Лауренс Де Вриз (Бельгия), Даниил Фоминых (Қазақстан), Омар Фраиле (Испания), Якоб Фульсанг (Дания), Евгений Гидич (Қазақстан), Йонас Вилсли (Дания), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Ян Хирт (Чехия), Уго Уль (Канада), Йон Изагирре (Испания), Горка Изагирре (Испания), Мерхави Кудус (Эритрея), Мигель Анхель Лопес (Колумбия), Алексей Луценко (Қазақстан),  Юрий Натаров (Қазақстан), Луис Леон Санчес (Испания), Никита Стальнов (Қазақстан), Давиде Виллелла (Италия), Артем Захаров (Қазақстан) және Андрей Зейц (Қазақстан).

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру