Бокс 12 Желтоқсан, 2018 (0) (165)

Головкин P4P рейтингінің үздік үштігіне кірмеді

Салмақтан тәуелсіз Sports Illustrated рейтингі жаңартылды.


Үздіктердің көшін америкалық боксшы Теренс Кроуфорд бастап тұр. Одан кейін Головкинді жеңген мексикалық Сауль Альварес орналасқан. Үштікті өзінің отандасы Александр Усиктен басым түскен украиналық Василий Ломаченко түйіндеді. Ал төртінші сатыға Александр Усик жайғасса, бесінші орын қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі. 

Тізімде аты аталған боксшылардан бөлек мексикалық Луис Нери, Мигель Берчельт, Лео Санта Крус, таиландтық Срисакет Сор Рунгвисаи мен ұлыбританиялық Энтони Джошуа бар.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру