Сараптама 12 Желтоқсан, 2018 (0) (177)

Чемпиондар лигасы: Мықтылар - топ басында, әлсіздер - көш соңында

Түнде Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы турында 16 команда ойнады. Сіз бен біз күткен сенсациялар бола қойған жоқ. Мықтылар – топ басында, әлсіздер – көш соңында. Демек, бәрі өз орнын тапты.


А тобы.

«Монако»  - «Боруссия» – 0:2

Немістер өзіне тән ойын өрнегімен жеңіске жетті. Ойынның көп бөлігінде допқа иелік етті. Монаколықтарға қарағанда үш есе соққылады. Нәтижесінде Геррейро 15 және 88 минутта екі гол салып, дубль жасады.

«Брюгге» - «Атлетико» - 0:0

«Атлетико» үшін түк маңызы жоқ ойын болды. Плей-офф кезеңіне шығып қойған испаниялықтар өздері де гол соқпай, өзгеге де салдырмай, «судан құрғақ» шықты.

Команда

ойын

доп саны

ұпай

1.

Боруссия

6

10-2

13

2.

Атлетико

6

9-6

13

3.

Брюгге

6

6-5

6

4.

Монако

6

2-14

1


В тобы

Соңғы турдағы тартыс осы топта болар деп ойлады мамандар да, жанкүйер де. Себебі каталониялықтар әдеттегідей бірінші орынмен топтан шығып қойса, «Интер» мен «Тоттенхэм» екінші орын үшін жан беруге әзір тұрған. Дегенмен лондондықтар «Барсамен» тең түсті. Алғашқы таймның басында-ақ Дембеле допты торға тоғытқанда, «Тоттенхэмның» шаруасы бітті деп ойлап қалғанымыз рас. 85-минутта Харри Кейннен пас алған Лукас айып алаңынан гол салып, есепті теңестірді.

Италиялық «Интер» плей-оффтан құр қалды. Жақын тұрған еді, ПСВ-ны жеңе алмай пұшайман болды. Жеңе алмақ түгілі, жеңіліп қала жаздады. Қонақтар сапынан Лосано 13-минутта көзге түсті. Бергвейннің қолмен қойғандай қылып берген пасын, басымен қақпаға ысыра салды. 73-минутта Икарди есепті 1:1 жеткізді. Нәтижесінде миландықтар Еуропа лигасының плей-офына аттанады.

Команда

ойын

доп саны

ұпай

1.

Барселона

6

14-5

14

2.

Тоттенхэм

6

9-10

8

3.

Интер

6

6-7

8

4.

ПСВ

6

6-13

2


С тобы

Үш қошқардың басы бір қазанға сыймаған топ бұл. Соңғы турда ғана еурокубок көктемінің мәселесі шешілді. ПСЖ Сербияға қонаққа аттанған. «Црвена Звезда» ешқандай сый әзірлей алмады. Қақпаға 9 рет дәл соққы жасаған Париж командасы Кавани, Неймар, Маркиньос пен Мбаппе сынды жүйріктер соққан төрт голдың арқасында алаң  иелерін ірі есеппен жеңді. Гобельич «қызылжұлдыздықтар» пайдасына жалғыз голдың авторы атанды.

Бұл топта бірінші орында тұрған «Наполи» «Ливерпулдің» алаңында өзіне қажет нәтижеге қол жеткізе алмады. Нендей өкініш! Салах салған жалғыз гол неаполитандық команданың арманын күл-талқан етті. Екі клубтың жинаған ұпайы тең, тек «Ливерпуль» екі голды артық соққаны арқасында топтағы екінші орынға шықты.

Команда

ойын

доп саны

ұпай

1.

ПСЖ

6

17-9

11

2.

Ливерпуль

6

9-7

9

3.

Наполи

6

7-5

9

4.

Црвена Звезда

6

5-17

4


D тобы

Ортаңқол командалардан құралған бұл топта «Портудың» асығы алшысынан түсті. Соңғы турда түріктің «Галатасарайын» тағы ұтты. Сөйтіп жеке-дара көш бастады. Негізі, «Порту» күні бұрын плей-оффқа шығып та қойған. Бірақ бәрібір шын мәніндегі күшін көрсетті. 17-минутта Фелипе, 42-минутта Марега есепті 0:2 жеткізді. 1-тайм аяқталар тұста Фегули есепті қысқартты. Екінші таймда «Порту» ойыншысы Сержио Оливейра есепті еселей түскен. Араға сегіз минут салып, Дердийок гол салды. Есеп 2:3. Ал 66-минутта алаң иелері есепті теңестіретін тамаша мүмкіндікке қол жеткізген. Максимилиано Перрейра тәртіп бұзып, Фегули дубль жасай алмады. Пенальтиден мүлт кетті ол! Ойынның қалған бөлігінде доп қақпаға дари қойған жоқ.

«Шальке» – «Локомотив» - 1:0

Мәскеуліктерге Еуропа лигасының 1/16 финалы да бұйырмады. Матч тең аяқталуы да бек мүмкін болатын. Алаң иелері арасынан Хопф 90+1 минутта «Локо» қақпасынан саңылау тауып кетті.

Команда

ойын

доп саны

ұпай

1.

Порту

6

15-6

16

2.

Шальке

6

6-4

11

3.

Галатасарай

6

5-8

4

4.

Локомотив

6

4-12

3




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру