Футбол 11 Желтоқсан, 2018 (0) (231)

«Қайрат» келімсек ойыншыларымен қоштасып жатыр.

Алматылық клуб Андрей Аршавинмен қоштасқаннан кейін ізін ала Исаэль Барбозамен де келісімшартты үзген болатын. Ал бүгін клубтан Шелдон Батоның кеткені мәлім болды.


Бато өткен жылдан бері «Қайратта» жалда жүрген еді. Тринидад және Тобаго футболшысы ресейлік «Крылья Советов» клубына тиесілі, негізі. Ойыншы екі маусымда 48 ойынға қатысты.

«Қайрат» ФК  Шелдонға осы уақытқа дейінгі жұмысы үшін алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта оған спорттық жетістіктер тілейді», делінген клуб мәлімдемесінде.

Осыған қарап алматылық клуб келімсектерге қатысты саясатын өзгертіп жатқанын байқаймыз. «Не ексең, соны орасың» демекші,  бәлкім өз тәлімгерлерін тартатын болар негізгі командаға.


Дереккөз: «Қайрат» ФК

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру