Қысқы спорт 09 Желтоқсан, 2018 (0) (137)

Шорт-тректен әлем кубогі: Екінші жарыс күнінің қорытындысы

Алматыда шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің екінші жарыс күні аяқталды.

Бүгінгі финалдық бәсекеде екі қазақстандық өнер көрсетті.

Финалда Анастасия Крестова (1500 метр) мен Абзал Әжіғалиев (1000 метр) сынға түскен болатын. 

Жарыс қорытындысы бойынша Крестова қола медальдан қол созым жерде тоқтап, төртінші орыннан көрінді. Бұл сында Оңтүстік Корея өкілі Ким Йон Хи жеңіске жетті. Екінші орында ресейлік Екатерина Ефременко. Үшінші орын қытайлық Джиню Лиге бұйырды. 

Абзал Әжіғалиев 1000 метрлік жарыста бесінші орында қалып қойды. Үздік үштікке Шаолин Лю (Венгрия), Сжинки Нет (Нидерланд) және Сео Ли (Оңтүстік Корея) енді. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру