Қысқы спорт 08 Желтоқсан, 2018 (0) (174)

Шорт-тректен әлем кубогі: Қазақстандықтар жартылай финалға өтті

Алматыда шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі өтуде. Бүгін бірнеше қашықтықта іріктеу айналымы аяқталды.



Olympic.kz қазақстандық спортшылардың көрсеткішін назарларыңызға ұсынады. 

Әйелдер арасында 1500 метрге жарысудан Анастасия Крестова мен Ольга Тихонова жартылай финалға өтті. Крестова өз тобында бірінші орын иеленсе, Тихонова уақыт көрсеткіші бойынша жартылай финалға жолдама алып отыр. 

1500 метрге жарысудан ерлер арасындағы бәсекеде Әділ Ғалиахметов өз тобында үшінші орын алды. Әділ уақыт көрсеткіші жоғары болғандықтан, ереже бойынша келесі айналымға өтті. Сондай-ақ, бұл қашықтықта келесі кезеңге өткендер қатарында Еркебұлан Шамұханов та бар. Мерсаид Жақсыбаев жартылай финалдан сырт қалды. 

2000 метрге жарысудан аралас командалық сында қазақстандықтар жартылай финалға өтті. Анастасия Крестова, Әлия Ким, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев төрттігі өз тобында екінші орын иеленді.

Әйелдер арасында 3000 метрге жарысудан командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы уақыт көрсеткіші бойынша жартылай финалда өнер көрсету мүмкіндігін алды. Әлия Ким, Анастасия Кретова, Әсел Тайшыманова және Ольга Тихонова ертең жартылай финалда сынға түседі. 



Сондай-ақ, 500 метрде бақ сынаған Абзал Әжіғалиев өз тобында көш бастады. 

Жартылай финал және финалдық бәсекелер ертеңге жоспарланған.


ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру