Жекпе-жек 06 Желтоқсан, 2018 (0) (25)

Асылжан Бақытжанұлы UFC-дің бұрынғы жауынгерімен жұдырықтасады

Қазақстандық ММА шебері Асылжан Бақытжанұлының кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды.

Талдықорған қаласында Alash Pride ұйымының қолдауымен өтетін «Орбұлақ шайқасы» атты турнирде Асылжан Бақытжанұлы бразилиялық Амилкар Алвеспен жұдырықтасады.

38 жастағы тәжірибелі спортшы бразилиялық джиу-джитсудан қара дан иегері. INFUSION тұжырымының К-1 және Shooto ұйымының чемпионы. 2010 және 2011 жылдары UFC ұйымының аясында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіліс тапқан.

Ал Асылжан Бақытжанұлы соңғы кездесуін мамыр айында АСВ 86 турнирінде өткізген. Аталмыш жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласы Муслим Магомедовке екінші раундта есе жіберді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру