Жекпе-жек 04 Желтоқсан, 2018 (0) (92)

Минскіде Семей спортшыларының мерейі үстем болды

29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Беларусь астанасы Минск қаласында таэквондоның ITF тұжырымы бойынша өткен әлем кубогына Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Семей спорт академиясының шәкірттері де қатысты.

Жас даянг шеберлері бұл жолы да көңіл қуантарлық нәтижелерге қол жеткізді. Жеке кездесулерде 14 – 15 жас аралығында сынға түскен Темірлан Қадыржанов 60 келі салмақта 3 орын алса, 50 келіде шыққан Диас Жанатбаев қоладан медаль тақты. Ал қыздар арасында 14 – 15 жас аралығында даянгқа шыққан Алина Джуанишева 60 келіде 3 орынға тұрақтады. Бұдан бөлек, Наргиз Есімжанова, Еркежан Бейсенғали, Алмат Қапановтар өз салмақтарында 5 және 6 орындардан көрінді. Айтпақшы, тульдан семейлік қос мықты Дамир Советхан Әлем Кубогында 2 алтын, Аңсар Төкенов 1 алтын қоржынға салды. 

Айта кетейік, Минскідегі әлем кубогына таэквондошыларды Семей спорт академиясының таэквондо бөлімінің жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы Махаббат Советхан бастап барды.


Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.             



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру