Футбол 04 Желтоқсан, 2018 (0) (38)

Роналду 61 жыл бұрынғы жетістікті қайталады

Туриндік «Ювентус» А сериясының кезекті турында «Фиорентинаға» қонаққа барған болатын. «Кәрі синьора» флоренциялықтарды 3:0 есебімен жеңді. Португалиялық шабуылшы пенальтиден гол салып, командасының жеңіске жетуіне септігін тигізді.


Бұл Роналдудың Италия чемпионатындағы оныншы голы болды. 1957/58 жылғы маусымнан бері есептегенде, Криштиану 14 турда 10 гол соққан алғашқы «Ювентус» ойыншысы атанып отыр. Бұдан 61 жыл бұрын уэльстік Джон Шарльз осы жетістікке жеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру