Футбол 03 Желтоқсан, 2018 (0) (216)

Футзалдан Чемпиондар лигасының "Төрттік финалы" Алматыда өтеді


UEFA ресми сайтының хабарлауы бойынша 2018-2019 жылғы маусымның «Төрттік финалы» Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды ALAMAN спорт порталы Спорт-Экспресс басылымына сілтеме жасай отырып.

Бұл шешім аталмыш ұйымның Атқару комитетінің Дублинде өткен отырысында  қабылданған. Турнир 25-28 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланған. Финалдық ойындарға «Қайрат» (Алматы),«Интер ФС» (Испания), «Барселона» (Испания) и «Спортинг» (Португалия) командалары қатысады.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру