Футбол 02 Желтоқсан, 2018 (0) (325)

«Алтын допты» Лука Модрич иеленеді

Күллі әлем биыл үздік футболшыға берілетін «Алтын допты» кімнің алатынын болжап әлек.


Италиялық Sky Italia  ақпарат компаниясы жыл сайынғы France Football басылымының жүлдесін Хорватия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич иеленеді деп сәуегейлік танытып отыр.

Дауыс беру бойынша екінші орынды Португалия құрамасы мен «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду алса, үшінші орын Антуан Гризманға («Атлетико», Франция құрамасы) бұйыратын көрінеді. Оған қоса бұл екеуі марапаттау рәсіміне келмейді екен.

Ал Модричтің ұпайы түгел, ол биыл «Реалмен» Чемпиондар лигасында жеңіске жетсе, әлем чемпионатында Хорватия құрамасы сапында күміс медаль еншіледі.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру