Футбол 02 Желтоқсан, 2018 (0) (191)

Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Бүгін Ирландия астанасы Дублинде 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды деп хабарлайды ALAMAN спорт порталы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы I тобына Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларымен бірге түсті. 2020 жылғы Еуропа Чемпионатына әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар өтеді.

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі 2019 жылдың 21 наурызында басталады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру