Хоккей 01 Желтоқсан, 2018 (0) (260)

«Барыс» ойсырай ұтылды

Бүгін Астанада жергілікті ҚХЛ аясында «Барыс» пен Екатеринбордың «Автомобилисі» кездесті, деп хабарлайды ALAMAN спорт порталы.


«Барыстың» ойыны көңіл көншіткен жоқ. Астаналық команданың бұрынғы капитаны Найджел Доус қарсылас команда сапында олай да, былай да ойқастады.

Алғашқы шайба да Доустың пасынан кейін кірді, Да Коста 1-кезеңнің 9-минутында есеп ашқан. Араға алты минут салып, Кучерявенко есепті еселеді.

Екінші кезең бастала сала Акользин есепті қысқартқан. Дегенмен, Доус көп ұзамай командасының пайдасына тағы бір шайба соқты. Бір минуттан соң Голышев есепті  1:4 жеткізді.

Ал үшінші кезеңде Да Коста дубль жасады, Гареев болса «Автомобилистің» алтыншы шайбасын салған. Қонақтар мұнымен тоқтап қалған жоқ. Әлгі айтқан Доусымыз да дубль авторы атанды. Есеп 1:7!

  Кезең соңында Кертис Уолктың соққан шайбасы көңілге жұбаныш бола алған жоқ.

«Автомобилист» 57 ұпаймен Шығыс конференциясы көш басында келеді. «Барыс» 44 ұпаймен кестенің бесінші сатысында.


Фото: hkbarys.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру