Футбол 01 Желтоқсан, 2018 (0) (179)

«Астана» футболшылары алтын жүлделерімен марапатталды

«Астана» футбол клубы маусымды қорытындылады. Биылғы жылы негізгі командадан басқа, дубль, сондай-ақ 2001 және 2006 жылы туғандар Қазақстан чемпионы атанды.

Номинанттар арасында Марин Томасов команданың ең үздік ойыншысы, Бактиер Зайнутдинов 2018 жылғы "Жыл жаңалығы" атанды. Ненад Эрич Қазақстан премьер-лигасының үздік қақпашысы атағын жеңіп алды. Григорий Бабаян ҚПЛ-дың үздік жаттықтырушысы атағына лайық деп танылды.

Клуб басшысы Саян Хамитжанов ҚПЛ-дың үздік TOP менеджері атанды. 

Фото: клубтың ресми сайтынан алынды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру