Футбол 30 Қараша, 2018 (0) (178)

«Астана» – «Динамо» Киев - 0:1

Бір кездері атағы жер жарған Киевтің «Динамосы» Астанаға жеңіс үшін келгені байқалып тұрды. «Жыланды үш кессең де, кесірткедей әлі бар» демекші, Лобановский абыздың кезіндегі команданың жұрнағы қалмаса да, бәрібір «Динамоның» аты - «Динамо».



Матч бастала салысымен, алаң иелері қонақтарға азу тісін көрсеткісі келген. Маевскидің 7-минуттағы мүмкіндікті мүлт жібергенін қалай ғана айтпайық? Әттең-ай!

29-минутта футболдағы «сен гол салмасаң, саған салады» қағидасын еске салды киевтіктер. Беньямин Вервич есеп ашып, өзекті өртеп кетті. Оны қойшы, Роман Муртазаевтың қисық тепкенін қалай кешірерміз?

Екінші таймда да астаналықтар шабуылды үдете берді. Алаңға ойынның екінші бөлігінен қосылған Мұжықов пен Рангело Янга да көмек бере алмады. Есте қалған тағы бір сәт Рукавинаның бір соққысы қақпа бағанына тиді.

«Астана» өз жағдайын біраз қиындатып алды. Тең ойнаса плей-офф кезеңіне қиналмай шығатын еді, амал нешік... Бүгін түнде «Яблонец» -«Ренн» матчын тағатсыздана күтеміз. Чехиялық команда жеңіп, не болмаса тең ойнаса, онда «Астана» турнирдің 1/8 финалына жолдама алуы бек мүмкін. Бабаян мен оның командасы 13 желтоқсанда Францияға барады. Жергілікті «Ренмен» кездесу үшін. Бұл ойында қарсылас команда барын салатыны анық. Әйтеуір, бір шым-шытырық математика жатқан...

 Астана – Динамо Киев - 0:1

Гол: Вербич 29 (0:1)
ЕскертулерПостников 32, Кляйнхайслер 87 — Че Че 90, Гармаш 90+3 

Допқа иелік ету көрсеткіші: 55% - 45%

Соққылар: 23 - 6

Дәл бағытталғаны: 3 - 2

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Томасов, Маевский, Зайнутдинов (Шомко 75), Ричард Алмейда (Мұжықов 58), Кабананга (Янга 62), Постников, Муртазаев
«Динамо»: Бойко, Че Че, Вербич (Сидорчук 75), Шепелев, Шапаренко (Гармаш 64), Цыганков (Морозюк 83), Миколенко, Сидклей, Бурда, Кадар, Кендзера
Бас төреші: Иван Бебек (Хорватия)
29 қараша. Астана. «Астана Арена». 


Әйгерім Тоқсанбек



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру