Фоторепортаж 28 Қараша, 2018 (0) (206)

«Ирандық Халк» ғаламторды шулатып жүр

Саджад Гариби ірі денесінің арқасында интернеттегі танымал жандардың қатарында жүр. Жұрт оны Марвел кейіпкерлерінің бірі Халкке теңейді. Шынында да сол бір комикстегі кейіпкерге ұқсауы себепті оны «Ирандық Халк» атап кетті. 27 жасар Саджадтың бойы 188 сантиметр, салмағы 178 келі, оның көп бөлігі бұлшықет массасы көрінеді


Оның Инстаграмдағы парақшасына 400 мың адам жазылған екен. Бодибилдер жаттығу залында суретке көп түсіп, оны әлеуметтік желілерге жүктеуге ерінбейді. Гарибидің айтуы бойынша, оның атасы да ірі денелі болған.

Саджад тамақтану мен жаттығуға күнделікті 2-3 сағатын арнайды. Күніне 4-5 рет тамақтанады. Саджадтың күні құнарлы ағылшын таңғы асынан басталады.

Гариби экономист мамандығын таңдаған, алайда дәл қазіргі уақытта жылжымайтын мүліктер агенттігінде қызмет жасайды. Бірақ оның негізгі жұмысы – спорт. Атлет 10 жылдан астам уақыт бойы пауэрлифтингпен айналысады. Спортшы «Ислам мемлекеті» содырларымен күресу мақсатында 2016 жылы Иран әскері қатарына қосылуға өтініш білдірген. 2 жыл дайындықтан өткен оны белгісіз себептермен топ қатарына алмай қойған екен.

Ал келесі жылы аралас жекпе-жек спорты тарихында сұмдық кездесу өткелі тұр. Гариби 150 келілік Мартин Фордпен төбелеседі. Форд «Шүбәсіз» фильмінің 4-бөліміне түскен және «Сұмдық» лақап аты бар кейіпкердің рөлін тамаша сомдап шықты. Егер жекпе-жек өтетін болса, бұл екі дәудің де тұңғыш кездесулері болмақ..


Дереккөз: FB.ru


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру