Футбол 28 Қараша, 2018 (0) (170)

«Бавария» тісқаққан ойыншыларымен келісімшартты созғысы келмейді

Ұзынқұлаққа сенсек, неміс клубы басшылығы тәжірибелі тарландармен келісімшартты ұзартқысы келмейтін сыңай білдірген. Әңгіме Арьен Роббен мен Франк Рибери туралы екенін ішіңіз сезген болар?!


Нидерландық 34-те болса, франциялық одан бір жас үлкен болып тұр. Мұндай жаста орда бұзу қиынның қиыны екені анық. Алайда қос футболшының еңбегі «Баварияға» әбден сіңді. Ол анық. Еркін агент ретінде кетуі мүмкін деген қаңқу сөз де желдей есіп тұр.

Сондай-ақ «Рибери басқа клубтардың ұсынысын қарап жатыр», дейді бәзбіреулер. Ал Роббен болса аталмыш командада қалғысы келеді екен, әрі сол үшін күресуге де дайын көрінеді. Кім білсін...


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру