Футбол 28 Қараша, 2018 (0) (209)

Григорий Бабаян: «Қажетті нәтижеге жету үшін барымызды саламыз»

«Астана» футбол клубы бас бапкерінің уақытша қызметін атқарушы Григорий Бабаян Еуропа лигасының 5-турында киевтік «Динамомен» өтетін матч алдындағы баспасөз мәслихатында матч туралы әңгімеледі.

«Динамоға қарсы ойын біз үшіні әрі маңызды, әрі қиын болмақ. Себебі украиналық команда біздің топтың фавориті саналады. Жаттығып-ақ жатырмыз және ертеңгі матчқа дайындаламыз. Қажетті нәтижеге жету үшін барымызды саламыз», дейді Бабаян.

Алаңға шығуға дайын ойыншылар туралы сұрағанда, «Біраз футболшыларымыз қатарға қосылды. Ертең алаңға шығатын ойыншылар бүгінгі жаттығуда белгілі болмақ. Біраз күн үзіліс болды, бұл да әсерін тигізбей қоймайды. Бұған қарамастан өзімізге тән ырғақпен дайындық жасап жүрміз. «Динамоның» соңғы ойындары ала-құла өтіп жүр. Ертеңгі матч – топтық кезеңдегі ең маңызды ойын», деп атап өтті Григорий Бабаян.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру