Жекпе-жек 26 Қараша, 2018 (0) (28)

Жекпе-жек түрлерін біріктірген жаңа қауымдастық құрылды

Бүгін Елордада жаңа жекпе-жек түрлері қауымдастығы таныстырылды.


Бүгін «Rixos» қонақ үйінде олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық Федерациялардың қатысуымен отырыс өтті. Шара ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен ұйымдастырылды.

Кеңесте олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша барлық Республикалық Федерацияларды бір қауымдастық аясына жинау мәселесі қаралды. Кездесуге республика бойынша аккредиттелген 20 федерация өкілі келді.

«Шара барысында Қауымдастықтың президенті сайланып, басшы құрамы бекітілді. Ортақ шешіммен ұйым президенті болып Кәрім Мәсімов сайланды. Ал қауымдастық президентінің бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Садықұлов тағайындалды. Бас хатшы міндетін Фархат Аманқұлов атқарса, сонымен қатар, ұйымның вице-президенттері болып Нұрлан Ермекбаев, Рәпіл Жошыбаев, Тәжімұрат Найзабеков, Серік Жарасбаев сайланды», - делінген хабарламада. 

Қауымдастық төрт бағыт: каратэ, жекпе-жек, қоян-қолтық жекпе-жек, аралас жекпе-жек ММА спорт түрлерін бойынша жұмыс жүргізеді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру