Жекпе-жек 26 Қараша, 2018 (0) (21)

Ақтөбеде каратеден Қазақстан чемпионаты өтеді

Қарашаның 28-30 аралығында Ақтөбеде каратеден Қазақстан біріншілігі өтеді.


Ұлттық чемпионатқа еліміздегі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 17 команда қатысады деп күтілуде. 

Құрама команданың үздіктері де чемпионаттан сырт қалмайды. 

Ел біріншілігі аяқталған соң, ұлттық құрама жаңартылып, болашағынан үміт күттіретін жастар команда қатарына алынады. 

Еске сала кетейік, биылғы маусым қазақстандық каратешілер үшін жаман болған жоқ. Азия ойындарында Гузалия Гафурова чемпион атанса, әлем чемпионатында Дархан Асаділов қола жүлдеге қол жеткізді. 

Сондай-ақ, премьер-лига кезеңдерінде Данияр Юлдашев күміс жүлде иеленді. 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру