Футбол 24 Қараша, 2018 (0) (279)

«Қайрат» – Қазақстан кубогының 9 мәрте жеңімпазы

Биылғы маусымда алматылық ұжым тек жергілікті ойыншылардан құралған құраммен-ақ кубокты жеңіп алды.

«Атырау»: Владимир Логиновский (В) - Эльдар Абдрахманов (63, Жалмұқан), Юре Обшивач, Ризван Аблитаров, Франтишек Кубик, Қуаныш Қалмуратов (45, Сапаров) - Джозеф Нейн, Марат Хайруллин (К), Эдуард Сергиенко - Предраг Сикимич (84, Родионов), Бабатунде Аденидже.

 «Қайрат»: Стас Покатилов (В) - Александр Соколенко, Елдос Ахметов, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев (74, Люхай), Сергей Кейлер - Айбол Әбікен, Магомед Парагульгов (88, Кривенцев), Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К) - Самат Сәрсенов.

Ойынның басынан бастап басымдықты қолға алған «Қайрат» үшінші минутта-ақ гол салатын мүмкіндікті мүлт жіберді. Пенальти орындаған Исламханның добын Логиновский қақпаға дарыта қойған жоқ.

Ал 15-минутта алматылық клуб қорғаушысы Александр Соколенко айып алаңының ішінен қақпаны дәл көздеді. 1:0! Бұдан кейін қос командада бірді-екілі мүмкіндік болған. Алайда есеп сол қалпында қалды.

Осылайша «қайраттықтар» ел кубогын тоғызыншы рет жеңіп алды.

Әйгерім Тоқсанбек

Фото:«Қайрат» ФК ресми сайтынан алынды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру