Бокс 23 Қараша, 2018 (0) (231)

Данияр Елеусінов бесінші кездесуіне дайын

Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы – никарагуалық Маркос Мохика, деп жазады ALAMAN спорт порталы.


Данияр кәсіпқой бокстағы жұдырықтасуын Монакода Денис Лебедев пен Майкл Уилсон арасындағы жекпе-жектің андеркардында өткізбек.

 «Қарсыласым барлық оңтүстікамерикалық жігіттер сияқты тәжірибелі, өте мығым. Бірнеше кездесу өткізген, тәжірибелі боксшы деп айтуға әбден болады. Ринг көрсетер. Мен дайынмын», дейді Елеусіновтың өзі. Естеріңізге сала кетейік, бокс 25 қараша күні сағат 01.00-де болады. «Хабар» телеарнасы жекпе-жекті тікелей эфирден көрсетуді жоспарлап отыр. Боксшылардың кездесуі 8 раундтан тұрады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру