Футбол 21 Қараша, 2018 (0) (50)

Нұрәлі Әліп: «Қайрат» кубокқа ие болады деп сенемін»

Әдетте жастарға сенім артылғанда, қанаттанып шыға келетіні бар. Күннен күнге жарқырай көрініп келе жатқан «Қайрат» қорғаушысы Нұрәлі Әліп – соның айқын дәлелі. Оның жолына клуб қана емес, ұлттық құрама да үмітпен қарап отыр. 18 жасар ойыншы алдағы болатын Қазақстан кубогы финалы туралы өз ойымен бөлісті.


- «Қайраттың» финалға дейінгі қадамын қалай суреттеген болар едің? 

- Әрине, оңайлықпен ештеңе келмейді. Бәріңіз білесіздер, команда кубоктық ойындарға тек қазақстандық жас ойыншылармен ғана қатысып жүр, бұл дегеніңіз – біз үшін үлкен мүмкіндік. Финалға дейін жеттік, дегенмен, бізді ең қиын матч күтіп тұр. Көптеген ойыншыларымыздың жас ерекшелігіне қарамастан, біз мықты екенімізді дәлелдегіміз келеді. 

- Қай ойын есіңде қалды?

 - Шымкенттегі «Ордабасымен» өткен матчты ерекше айтқым келеді. Алғашқы болып гол соқтық, соңына дейін күрестік және ары қарай кубок жолындағы жолдыф жалғастырғандығымыз үшін бақыттымыз. 

- Қарсылас туралы не айтар едің?

 - Финалда әлсіз қарсыластың болмайтыны бесенеден белгілі. Егер «Атырау» ақтық ойынға дейін жетсе, ол оның мықтылығын білдіреді. Біз олармен осы маусымда кездестік, байқағанымыз, олар өте мықты ұжым екен.

 - Финалда жеңіске жету үшін «Қайратқа» не көмектеседі? 

- Оңай болмайды деп ойлаймын. «Қайрат» өткен жылы да осы командамен кездескен. Бірақ, ұжымдық бірлік арқылы жеңіске жетіп, кубокқа ие боламыз деп ойлаймын. 

- Сіз 18 жаста-ақ ұлттық құрамаға шақырту алып, ойнап та көрдіңіз. Сіздің жетістігіңіз неде?

- Бұл сұраққа менің жауап бергенім жарамас. Біздің команданың бапкеріне мені негізгі құрамға қосқаны және кәсіби түрде өсуіме жағдай жасағаны үшін алғыс білдіргім келеді. Ұлттық құрама сапында ойнау – үлкен мәртебе!


 «Қайрат» ФК ресми сайты.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру