Футбол 20 Қараша, 2018 (0) (212)

Футболдан Қазақстан құрамасы Грузиядан тағы жеңілді

UEFA Ұлттар лигасы аясында ұлттық құрамамыз Гүржістан құрамасымен екінші мәрте кездесті.

Бұл жолы  да үйреншікті 4-4-1-1 жүйесімен ойнамаққа бел буған командамыз Латвиямен ойнаған ойыншылардың біразын алаңға шығармады. Өзгерістер аз болған жоқ. Мәселен өткен ойында шабуыл шебіндегі Бауыржан Тұрысбекті бұл жолы Алексей Щеткин алмастырды. Жуков пен Исламханның негізгі құраммен шықпауы біраз таң қалдырған.  Зайнутдинов бұл жолы шабуылға жақын орналасты. Құрама бас бапкері Эрич, Исламхан және Жуковтарға демалыс берген.

Алаң иелері матч басталысымен допқа иелік етіп, 7-минутта бұрыштамадан келген допты Непогодов қорғаған қақпаға бағыттай білді.  Бауыржан Исламханның жоқтығы себеп болды ма, бірінші таймда қонақтар жүйелі шабуыл ұйымдастыра алған жоқ. Есесіне Муртазаев пен Фединнің сәтсіз қимылдары жанкүйерлерді қуантты деп айта алмаймыз. Алаң иелері қос қапталдан қыспаққа ала отырып шабуылдауға көшкенде, қақпадағы Непогодов та сенімсіз қимылдай бастаған. Қуанышқа орай, бірінші тайм тең аяқталды.

Екінші таймда да Грузия құрамасы шабуылды тоқтатқан жоқ. Сылбыр қимылдап жүрген Стойлов шәкірттері шабуылда да жарытып қимылдай алмады. 59-минутта гүржістандықтар дегеніне жетті. Сол қапталдан құдды бір допты аяғына байлап алғандай әсер қалдырған Чакветадзе, Бейсебековке жеткізбей, құстай ұшіп, допты айып алаңына тепті.  Сол маңды торуылдап жүрген Мерибашвили «дайын асқа тік қасық» болды. Есеп 1:0.

Вайстың командасы мұнымен тоқтап қалған жоқ. Шабуылды үдете түсті. 75-минутта шабуылда жүрген Щеткинді Перцух алмастырды.

84-минутта Чакветадзе екі ойыншыны қапы қалдырып, есепті еселеді. Жауап ретінде Роман Муртазаевтың орнына шыққан Өміртаев есепті қысқартты. Есеп: 2:1! Бұл «Шахтер» шабуылшысының алғашқы ойыны болатын. Бұдан кейін тағы бір шабуылшымыз Бауыржан Тұрысбек Максим Фединді алмастырған. Алайда есеп сол қалпында қалды.

Грузия – Қазақстан – 2:1

Голдар: Мерибашвили, 59, Чакветадзе, 84, Өміртаев 90.

Соққылар: 20-10

Дәл бағытталған соққылар: 6-4

Допқа иелік ету: 65% -35%

Сары қағаздар: Мұжықов, 45

Грузия: Г. Лория, Кашия, Какабадзе, Кверквелия, Двали, Канкава (к), Квеквескири, Меребашвили, Гвилия (75, Качарава), Чакветадзе (90,Абурджания), Вако

Қазақстан: Д. Непогодов, Ғ. Сүйімбаев, С. Малый, Ю. Логвиненко (к), А. Бейсебеков,  И. Қуат,  М. Федин, С. Мұжықов, Б. Зайнутдинов, Р. Муртазаев (86, Өміртаев), А. Щеткин (75, Перцух)

19 қараша. Тбилиси. «Динамо Арена».

Параллель өткен матчта Андорра мен Латвия тең тарқасты. Сөйтіп D тобында Грузия ұлттық құрамасы сөзсіз көшбасшы болды. Қазақ құрамасы 1 жеңіс, 3 тең ойын және Грузиядан екі рет ұтылып, турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды.


Команда

Ойын

Жеңіс

Тең ойын

Жеңіліс

Доп айырмасы

Ұпай

1.

Грузия

6

5

1

0

12-2

16

2.

Қазақстан

6

1

3

2

8-7

6

3.

Латвия

6

0

4

2

2-6

4

4.

Андорра

6

0

4

2

2-9

4



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру