Күрес 19 Қараша, 2018 (0) (37)

Қазақстандық дзюдошылар Жапониядағы «Grand Slam» турниріне бақ сынайды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы 2018 жылдың ең соңғы «Grand Slam» турниріне қатысады.

23-25 қараша аралығында Жапонияның Осака қаласында өтетін бәсекеге елімізден 13 дзюдошы аттанады.

Ерлер:

Елдос Сметов (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)

Әділхан Қозыбаев (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)

Әйелдер:

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру