Ұлттық спорт 19 Қараша, 2018 (0) (80)

Ақтөбеде аударыспақ бәсекесі аяқталды

Ақтөбеліктер Аударыспақ спортында бірталай жетістіктерге жетіп жүр.


Бір жылда аударыспақтан үш бірдей Азия чемпиондарын шығарған Ақтөбе қаласының №3 ұлттық спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері бүгін де өз деңгейлерінен төмендеген  жоқ. 60, 70, 90 келі салмақтың ақтық бәсекесінде және абсолютті салмақта ақтөбелік балуандар жеңімпаз атанды. Тек 80 келі салмақта ғана бас жүлдені тараздық балуан  Нұржігіт Әмзиев иеленді.

Еске салып өтсек,  «Аударыспақтан Ақтөбе облысы әкімінің кубогы» –  алғашқы ұйымдастырылған республикалық турнир. Бұл турнирде Астана қаласы, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облысының төрт командасы қатысып, барлығы алпысқа жуық аударыспақ балуандары бақ сынады. Турнирде жүлдегер атанған балуандар нәтижесі төмендегідей.


АБСОЛЮТТІ САЛМАҚ ЖЕҢІМПАЗЫ  – Арман Сағынбаев   (Ақтөбе обл)

60 КЕЛІ САЛМАҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

1 орын – Азамат Серғазин (Ақтөбе обл)

2 орын – Бейбіт Аронов (БҚО)

3 орын – Ермек Құралбай (Астана)

70 КЕЛІ САЛМАҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

1 орын – Шыңғысхан Ержанов  (Ақтөбе обл)

2  орын – Ринат Смағұлов (Ақтөбе обл. Шалқар ауд)

3 орын – Бердіғали Жәкішев (Ақтөбе обл)

80 КЕЛІ САЛМАҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

1 орын – Нұржігіт Әмзиев – (Жамбыл обл)

2 орын – Ағжан Мұрат (Павлодар)

3 орын – Данияр Мейрамбек  (Ақтөбе обл. Шалқар ауд)

90 КЕЛІ САЛМАҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

1 орын – Арман Сағынбаев   (Ақтөбе обл)

2  орын – Алтай Сүйеубаев  (Ақтөбе обл. Шалқар ауд)

3 орын – Дәурен  Кеңесбаев  (Ақтөбе обл)


Төлеген ЖӘКІТАЙ


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру