Хоккей 18 Қараша, 2018 (0) (195)

«Барыс» «Салават Юлаевтан» ұтылды

Құрлықаралық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында Уфалық «Салават Юлаев» Астаналық «Барысқа» қонаққа келген болатын.

Турнир кестесіндегі көршілес қос команда арасындағы матч 0:3 есебімен аяқталды. Қонақтар сапынан Тему Хартикайнен (26 мин.), Павел Коледов (35 мин.) және Артем Сергеев (58 мин.) көзге түсті.

Осы жеңістен кейін «Салават Юлаев» хоккей клубы 37 ұпаймен 6-орынға көтерілсе, «Барыс»  40 ұпаймен 5-орында тұр.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру