Alaman Ақпарат 18 Қараша, 2018 (0) (157)

Тұрсынбаева Гран-при турнирінде үздік алтылыққа енді

Мәскеуде мәнерлеп сырғанаудан Гран-при додасының бесінші кезеңі аяқталды.

Тұрсынбаева Мәскеудегі Гран-при турнирінде үздік алтылыққа енді

Rostelecom Cup-2018 турнирінің қорытынысы бойынша, Элизабет Тұрсынбаева алтыншы орын иеленді.


Қысқа бағдарламадан соң 61.73 ұпаймен төртінші орында тұрған Элизабет еркін бағдарламадан соң 118.72 ұпай жинады. 


Қоссайыс қорытындысы бойынша 180.45 ұпай жиған Тұрсынбаеваның жалпы есептегі көрсеткіші – алтыншы орын. 


Бұл сында Олимпиада чемпионы, ресейлік Алина Загитова (222.95) жеңіске жетті. Екінші орында тағы бір ресейлік Софья Самодурова (198.01). Үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Лим Ын Су қорытындылады (185.67). 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру