Күрес 18 Қараша, 2018 (0) (49)

Дәулет Тұрлыханов 55 жаста

Бүгін қазақ халқының даңқты балуаны, әлем чемпионы, Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері Дәулет Болатұлы Тұрлыханов 55 жасқа толды.

Дәулет Болатұлы әр жылдары лауазымды қызметтер атқарып, қазақ спортының гүлденуіне өлшеусіз үлес қосты. Қазіргі кезде Д. Тұрлыханов - Азия күрес кеңесінің төрағасы.

Дәулет Болатұлының бүгінгі мерейлі мерекесіне орай, ALAMAN спорт порталы оны шын жүректен құттықтайды. Еліміздің ардақты ұлы бұдан әрі де талмай еңбек ете берсін деп  тілейміз!  

Сондай-ақ еске сала кетейік, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Дәулет Тұрлыхановтың әкесі Болат Тұрлыханұлының құрметіне арналған ХХІV "Болат Тұрлыханов кубогы" турнирі өтіп жатыр.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру