Күрес 18 Қараша, 2018 (0) (41)

«Болат Тұрлыханов кубогы» турнирінің финалистері анықталды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан халықаралық «Болат Тұрлыханов кубогы» турнирі финалында белдесетін балуандар белгілі болды, деп хабарлайды ALAMAN спорт порталы.

60 келі салмақта гүржістандық Лери Абуладзе Өзбекстан балуаны Фируз Тухтиевпен белдессе, 67 келіде көршілес Ресейден келген спортшы Заур Кабалоев боз кілем қожайыны Әділхан Сатоевпен күш сынасады.

77 келілік салмақ дәрежесі бойынша тағы бір ресейлік Дмитрий Петайкин Оңтүстік Корея өкілі Ким Хен Вумен жұп құрайды. 87 келіде Гүржістан мықтысы Зураби Датунашвили ресейлік Гамзат Ивсуповпен кездеседі.

97 келі салмақта қос ресейлік балуандар Даниил Сотников пен Никита Мельников алтын үшін айқасады. 130 келілік алыптар бәсекесінде Ресей балуаны Виталий Щур мен өзбекстандық Муминжон Абдуллаев бірінші орынға таласады.

Сондай-ақ қазақстандықтар Бағлан Жақанша, Алмат Кебісбаев, Данияр Қаленов, Асхат Жаңбыров пен Ержан Аманжоловтар өз салмақтары бойынша қола жүлдеге таласады.




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру