Волейбол 16 Қараша, 2018 (0) (191)

Ақтөбелік «Казхром» командасы волейболдан Суперкубок иегері атанды

9-13 қараша аралығында Ақтөбе облысының Хромтау ауданында волейболдан ерлер арасында Ұлттық лиганың 1-ші кіші туры өтті.


Оған  аталмыш турдың «Б» тобына жасақталған командалар жиналып, өзара мықтыларды анықтады. Атап айтқанда, «Атырау» (Атырау), «Есіл-СК» (Петропавл), «Маңғыстау» (Ақтау), «Казхром» ТҰК (Ақтөбе) командалары бас қосты.

Ойында   еліміздің тұрақты чемпионатының ұпайлары ойнатылып қана қоймай, жаңа схема бойынша  2018 жылдың Қазақстан Кубогының иегері «Казхром» ТҰК мен 2018 жылдың Қазақстан чемпионы атанған «Атырау» командалары  арасында Суперкубокке таласу жүрді.

Нәтижесінде, Суперкубоктың иегері ақтөбелік «Казхром» ТҰК командасы болып табылды. Олар 3:1 есебімен атыраулықтарды басып озды. Сондай-ақ, Қазақстан Суперкубогының үздік ойыншысы болып «Казхром» ТҰК командасының спортшысы Роман Байнякшин атанды.

Айта кету керек, қазіргі таңда өңірде волейбол спорт түрі қарқынды дамып келеді. Оған дәлел, бүгінге облыста ұлттық лигада, жоғарғы лигада өнер көрсететін үш команда құрылған. Олар ел чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсетуде. Сонымен қатар, 2018 жылы жастар лигасында 2001-2002 және 2003-2004 жылы туылған жасөспірім командалар ҚР чемпиондары атағын иеленген. 


Ақтөбе облысының дене шынықтыру

және спорт басқармасының

баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру