Күрес 15 Қараша, 2018 (0) (225)

Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен әлемдік сында үштікке енді

Румынияның Бухарест қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстан қоржынына алғашқы медальді Аманғали Бекболатов салды. 

Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Бекболатов қола медаль үшін өткен белдесуде жапон балуанын 8:0 есебімен жеңді. 

Бүгін 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет пен 72 келідегі Қаһарман Қисметов қола медаль үшін күреседі.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру