Велоспорт 14 Қараша, 2018 (0) (276)

Кирилл Казанцев маунтинбайктан Азия кубогының күміс жүлдегері

Маунтинбайктан Малайзияда өткен Азия кубогінде қазақстандық Кирилл Казанцев күміс медаль иеленді.

13 қараша күні мәресіне жеткен жарысқа бірнеше қазақстандық спортшы қатысты. Олардың ішінде жасөспірімдер де бар. 

Кирилл Казанцев екінші орын иеленсе, Темірлан Мұхамедиянов жетінші сатыдан көрінді. Өкінішке қарай, Шәкір Әділов жарыс соңына дейін жете алмады.

Жасөспірімдер арасындағы сыннан да жүлдесіз қалмадық. Денис Сергиенко қола медаль жеңіп алса, Татьяна Богданова чемпион атанды.

Еске сала кетейік, Кирилл Казанцев биыл өткен Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізген болатын. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру