Футбол 12 Қараша, 2018 (0) (206)

«Тобыл» неге тарылдың?!

Кеше 2018 жылғы Қазақстан чемпионатыны соңғы туры өтіп, екі футболшы спорттық мансабын аяқтағандарын ресми түрде, көпшілік алдында жариялады.

Бірі – көрші елден келген әйгілі футболшы. Екіншісі – қазақ футболына телегей-теңіз еңбек сіңірген, өз елімізді шүмектетіп тер төккен, тіпті еліміздің намысын қорғаған жанкешті тарланымыз.

«Қайрат» Андрей Аршавинді әспеттеп шығарып салды. Иығына шапан жауып, үлкен құрмет көрсетті. «Рахмет, Андрей» деп, көпшілік алдында ресми түрде жар салды. Сол үшін жанкүйерлерін стадионға жинады. Алдын-ала хабарлады.
Ал «Тобыл» Нұрболдың иығына шапан жабуға да жарамады. «Рахмет, Нұрбол» деп көпшілік алдында жар салмады. Көптен бері жүлдеге іліге алмай жүрген команда биылғы қола жүлдесіне мәз болып, бәрін де «ұмытты». Үшінші орын алған команданы ресми марапаттау рәсіміне облыс әкімі деп барған сияқты. Бірақ қазақ футболының көрнекті тұлғасы (Нұрболды айтып отырмын) сол кеште де ескерусіз қалғандай...
Осыны әлеуметтік желіге орыстілді әріптесіміз Сергей Райлян жазыпты. Рахмет, Сергей! Қазақтілді журналистер де «ұмытып» кете жаздағандай. Қазір спортық журналистикадан алыстап бара жатсам да..., осыны кеште болса, айрықша атап өткім келді...

Спорт журналисі Нұрғазы Сасаевтың фейсбук парақшасынан


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру