Alaman Ақпарат 12 Қараша, 2018 (0) (227)

Жапония 2020 жылғы Олимпиадада дрондарды пайдалануға тыйым салады

Жапония үкіметі пилотсыз ұшу аппараттарын лаңкестік мақсатта, сондай-ақ қауіпті сұйықтықтарды таратуда қолданылуы мүмкін деп есептейді.

Жапония үкіметі 2020 жылы жазғы Олимпиада ойындары кезінде спортшылардың тұратын орны мен спорт нысандарының жанында пилотсыз ұшу құралдарын пайдалануға тыйым салды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады. 

Ол үшін билік таяу уақытта қазіргі қолнаныстағы заңды қайта қарамақ. Жаңа шара келесі жылы, регбиден Әлем кубогы кезінде басталады. Алдын ала жоспарға сәйкес, АҚШ әскери базасы мен Жапония қорғаныс күштерінің маңындағы аудандарда да пилотсыз ұшырылымға тыйым салынбақ.  

Үкіметтің пайымдауынша, пилотсыз құрылғылар лаңкестік мақсаттарда, сондай-ақ қауіпті сұйықтықтарды таратуда пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан, заңға өзгеріс енгізгеннен кейін Жапония полициясына мұндай құралдарды иелерінен алып қоюға рұқсат етіледі. 

Қазіргі қолданыстағы заң әуе айлағының маңындағы аймақтарда дрондардың өздігінен ұшуына тыйым салады. Оларды түнгі уақытта рұқсатсыз пайдалануға болмайды. Заңды бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі 500 мың иен ($4,5 мың). 

ХХХII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 2020 жылы 24 шілдеден 9 тамызға дейін өтеді. Спорттық іс-шараны ұйымдастыруға 2 трлн иен ($17,8 млрд) жұмсалмақ.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру