Жекпе-жек 11 Қараша, 2018 (0) (208)

Дархан Асаділов - каратеден әлем чемпионатының қола жүлдегері

Мадридте өтіп жатқан каратеден әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Дархан Асаділов қола медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.


Дархан 60 келі салмақта сынға түсіп, жартылай финалда жапондық спортшыдан ұтылған болатын. Қола медаль үшін күресте Асаділов әлемдік рейтингте алғашқы орында тұрған латвиялық Калвик Кальнинсті 5:4 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы қоржынына жалғыз жүлдені салды.

Ал 84 келідегі Данияр Юлдашев қола медальдан қол созым жерде тоқтады. Ол әлем чемпионы, ирандық Пуршабпен өткен кездесуде жеңіліске ұшырады.

Естеріңізде болса, Берлинде өткен Премьер-лига кезеңінде Юлдашев ирандық каратешіні жеңіп кеткен еді. Сол қателіктен сабақ алған Пуршаб бұл жолы біздің спортшыға мүмкіндік бермеді.

 

ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру