Alaman Ақпарат 08 Қараша, 2018 (0) (17)

Азиада чемпионы әлем біріншілігінен сырт қалды

Бұл күндері Испания астанасы Мадридте каратеден әлем чемпионаты өтуде.

Азиада чемпионы  әлем біріншілігінен сырт қалдыДүбірлі додаға Жасталап Санауов баптайтын Қазақстан құрама командасы да қатысуда.

Алайда, Джакартада өткен Азия ойындарының чемпионы Гузалия Ғафурова жекелей сыннан сырт қалды. Командалық бәсекеде ғана бақ сынайтын Ғафурова өз салмағында сынға түспеуінің себебін түсіндірді. 

«Мадридке командалық жарысқа қатысу үшін келдім. Ал жекелей сында жекпе-жекке шықпауымның екі себебі бар. Біріншіден, әлем чемпионатына қатысу үшін жыл бойы қажетті ұпай жинау керек. Мен екі жылдан бері ресми жарыстарға шет қалып, бала күтіміне байланысты спорттан алыстап кеттім. Сол себепті, әлем чемпионатына қатысуға рұқсат беретін ұпайды жинап үлгермедім. Қазір рейтингте 104-ші орында тұрмын. Алдағы уақытта ұпайымды еселей түсерім сөзсіз», - дейді Ғафурова.

Сондай-ақ, Гузалияның жарақаты да толығымен айыққан жоқ. 

«Азия ойындарында қабырғамды жарақаттап алғанымнан жанкүйер хабардар. Сол сырқатым да әлі хабар беріп тұрады. Десе де, командалық сында барымды салатыным анық», - дейді ол. 

Еске сала кетейік, Гузалия Ғафурова екі жылдық үзілістен соң спортқа қайта оралып, Азиада чемпионы атанған. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру