Ауыр атлетика 08 Қараша, 2018 (0) (45)

Денис Улановқа Рио Олимпиадасының қоласы жүлдесі қайтарылды

Ауыр атлетикадан Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында Денис Уланов 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасы медалімен салтанатты түрде марапатталды. Спортшы ға медалді IWF президенті Тамаш Аянның өзі тақты.


Еске сала кетейік, 2016 жылғы Олимпиадада Денис Уланов 85 келі салмақ дәрежесінде қатысып, төртінші орыннан көрінген болатын. Кейінірек қола жүлде иегері румыниялық ауыр атлет Габриэль Синкраян тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін шеттетіліп, көрсеткен нәтижесі жойылды. Осыған байланысты Денис Уланов 3-орынға ие болды.
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов:
- Эмоциямды айтып жеткізе алмаймын, екі жылдан кейін медаль қолыма тиді, қуанып тұрмын. Әрине, Олимпиада тұғырындағы сезімдей болмайтын шығар, бірақ бәрін салтанатты түрде ұйымдастырып, тіпті біздің туымызды да көкке көтерді.  Жаным енді ғана жай тапты! Қола жүлдегер атанғаныма енді ғана сеніп тұрмын (күлді). Ең алдымен еліміздегі спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, спортты қолдап жүрген ҰОК басшысы Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа, Қазақстан ауыр атлетикасының дамуына үлес қосып жүрген федерация президенті Жанат Рашидұлы Түсіпбековке алғыс білдіргім келеді! Рио Олимпиадасы алдындағы түсінбеушіліктер… Біз Олимпиадаға мүлде бармай қалар ма едік, егер біздің Федерацияның арқасында өз намысымызды қолдан бермедік. Мен өте бақыттымын!


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру