Футбол 07 Қараша, 2018 (0) (27)

«Уфаның» бас бапкері қызметінен кетті

Башқұртстанның бас командасы «Уфаның» бас жаттықтырушысы Сергей Томаров қызметінен кетті, деп хабарлайды ALAMAN спорт порталы ресейлік басылымдарға сілтеме жасай отырып.


Команданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек Томаров өз еркімен кеткен. Оның орнына Дмитрий Кириченко бас бапкердің қызметін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

«Уфа» РПЛ-дың соңғы орындарының біріне жайғасқан. Башқұртстандық клубтың ойыншысы Еркебұлан Сейдахметтің мансабы қалай болары әзірге беймәлім.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру