Alaman Ақпарат 07 Қараша, 2018 (0) (26)

Halyk Arena спорт кешенінде «Денис Тен Қоры» ашылды

Halyk Arena спорт кешенінде «Денис Тен Қоры» ашылды Алматыда атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мемориалдық тақтасының ашылу салтанаты мен Halyk Arena көпфункционалды кешенінде «Денис Тен Қорының» кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті.


Мемориалдық тақта Денистің туып-өскен үйінде Назарбаев көшесі 48 мекен-жайы бойынша орнатылды. Оның ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, мәнерлеп сырғанаудан кеңестік және ресейлік атақты бапкер, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова, Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров, еліміздің халық әртісі Роза Рымбаева және өзгеде қонақтар келіп қатысты. Көз жасына ерік берген Татьяна Тарасова жас спортшыны есіне алып, оның талантына тәнті болғанын жеткізді.


- Ол өз елін әлемге танытты. Оның өнерін тамашалаған миллиондаған адам Қазақстанды әлемдік картадан іздеп, ол елдің қай жерде орналасқанын білді. Ол өз елінің батыры, - деді Тарасова мемориалдық тақтаның ашылуында.

Өз сөзінде атақты бапкер барлық спортшылар Денис Теннің алдағы жобаларын қолдауға дайын екендігін жеткізіп, анасына көмектесетіндігін айтып өтті.

Ашылған фондтың мақсаты Денистің жобаларын іске асырып, шығармашылық жастарға қолдау көрсету болып табылады. Чемпион тек мұз айдында ғана емес, музыка және сценарий жазумен де әуестенген, сонымен қатар, әдемі суреттер түсірген. Денис өз артынан өшпестей мұра қалдырды. Енді оның ата-анасы, достары, әріптестері Денистің бастамаларын жалғастырып, оларды ары қарай іске асыруды көздеп отыр.

Фонд кеңсесінің тұсаукесерінде атақты мәнерлеп сырғанаушы Елена Родионова және де қаланың жас спортшылары Halyk Arena жиналған көрермендер алдында өз өнерлерін көрсетті.

 




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру